{metadescription}
Ғалымдар: Алманың бірнеше сорты қазақ топырағынан тараған
Ғалымдар: Алманың бірнеше сорты қазақ топырағынан тараған

Ғалымдар: Алманың бірнеше сорты қазақ топырағынан тараған

Алманың түп атасына араша керек! Алматыда әлемнің жетекші ғалымдары бас қосып, әйгілі Сиверс жабайы алмасының таралу аймағын сақтау мәселесін көтерді. Жиын барысында зерттеушілер өзара пікір алмасып тәжірибесін бөлісті. Ғылыми конференцияға Тұңғыш президент қоры қолдау білдірді.

Ғалымдардың айтуынша, жабайы табиғат аясындағы Сиверс алмасын сақтап қалу үшін әлем болып жұмылу қажет. Әйтпесе, қазіргі таңдағы бірнеше алма түрінің жоғалып кету қаупі бар.

Осы бағытта жұмыс бастаған ғалымдар жиын аяқталған соң Жоңғар Алатауына экспедицияға шығады. Өйткені 65 миллион жылдық тарихы бар Сиверс алмасының 90 пайызы дүние жүзі бойынша Қазақстан жерінде өседі. Аузы дуалы ғалымдар алманың бірнеше сорты қазақ топырағынан тарағанын мойындап отыр.

Жолдасбек Нүсенов, Caspian University ректоры:

- Оксфорд университетінің профессоры Бари Джунифер деген кісі бар. 2002 жылы зарттеулер, ДНҚ арқылы әлемдегі 2500 әр түрлі сортты зерттеп, барлық сорт Алматыдағы Сиверс алмасынан шыққан деген шешімге келген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде