{metadescription}
Павлодарлық салымшылар үйіне кіре алмай қаңғып жүр – Нұрлы жер
Павлодарлық салымшылар үйіне кіре алмай қаңғып жүр – Нұрлы жер

Павлодарлық салымшылар үйіне кіре алмай қаңғып жүр – Нұрлы жер

Павлодарда бір жылдан бері салымшылар жаңа үйіне кіре алмай сенделіп жүр. Зәулім ғимарат көзді қызықтырып көз алдында тұрғанымен, тұрғындарға берілмей жатыр. Себебі, құрылыстың соңғы жұмыстарының бітер түрі жоқ. Кім кінәлі? Жұрттың алаяқ мердігерлерге алданып қалғаны рас па? 

Тоғыз қабатты үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатыр. Екі жыл бұрын іргетасы қаланған нысан былтыр пайдалануға берілуі тиіс болған. Алайда жылдан аса уақыт өтсе де, салымшыларға пәтер кілті табысталмады. Ал жұрттың шыдамы тусылып, төзімі түгесілген.

- Қалай болса солай мерзімінде аяқтай аламыз дейді. Сонда фактінің алдына қоя салмақшы ма?

- Дұрыс айтып тұрмыз, әрі кетсе бұл сенің жұмысың.

- Ал бұған дейін маған не деп айтып едің? Сенімен сөйлесемін, жүр, кеттік, сөйлесеміз.

- Кеттік!

- Сіздерге не болған, жігіттер, керек емес.

Үйлі болуға үміттінің бірі – Мағзи Түсіпов. Бар жиған-терген қаржысын баспанаға төккен ол бір жылдан бері бала-шағасымен жалдамалы пәтерде сенделіп жүр. Ал жаңа пәтеріне кіре алмайды. Себебі, құрылысы аяқсыз тұр.  

Мағзи Түсіпов, Павлодар қаласының тұрғыны:

- Мен жалдамалы пәтерде тұрамын. Бір жылдан асты ай сайын баспанаға 60 мың теңгеден төлеп жүрмін. Бұл ақшаға кредитімді жаба берер едім ғой. Ал мына үйдің не есігі, не ленолеумы жоқ.

Шенеуніктер бұл жағдайға мердігерлерді айыптады. Олардың айтуларынша, бір емес, екі бірдей компания келісімді бұзып істі аяқсыз қалдырған. Сөйтіп әкімідік оларды сотқа беріп, жауапсыз серіктестік деп тауыпты. Тіпті айыппұл төлеуге міндеттеген.    

Асланбек Садықов, Павлодар қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

- Келісімшарт жасалып, жұмысты бастайды. Сөйтіп, ұмытпасам, үшінші, алтыншы қабатқа келгенде жұмыс тоқтап қалды. Кейін екіншісі кіріседі. Бірақ ол да құрылысты аяқтай алмады.

Сақалды құрылысты аяқтауға енді үшінші мердігер кіріскен. Серіктестік басшысы жұртты даурықпауға шақырады. Оның айтуынша, есік, ленолеум, жеделсаты сынды қажеттінің бәрі жеткізілген. Енді тек оларды орнату ғана қалды дейді. Ал сеніміне селкеу түскен жұрт бұған сенбейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде