{metadescription}
Алматы облысы: 90-жылдығын тойлауға жиналған Тескенсу жұрты жарықсыз отыр  
Алматы облысы: 90-жылдығын тойлауға жиналған Тескенсу жұрты жарықсыз отыр  

Алматы облысы: 90-жылдығын тойлауға жиналған Тескенсу жұрты жарықсыз отыр  

Қауіпті бағаналар. Алматы облысының Тескенсу ауылындағы жарықсыз жұрт қарағайдан электр бағаналарын жасап амалдауға көшкен. Өйткені ауылдың шеткі көшелеріне жарық тарту талайдан бері арманға айналған. Жарықсыз күнелткен жұрттың жанайқайын КТК тілшісі тыңдап қайтты.

- Осы жерден 300 метрден жарық тартып отырмын. Міне, осы жерге дейін ғана. Жарықтың жағдайы осы.

Бес жыл бұрын Тескенсу ауылынан баспана салған Ержан Әділжанның жағдайы осы. Жарығы жоқ үйде теледидар көре алмайды. Тоңазытқыш қолданбайды. Қажетті электр қуатын шеткі көшедегі үйлерден алады. Сығырайған жарықтың ақысы удай қымбат.

Ержан Әділжан, Тескенсу ауылының тұрғыны:

- Ауылдың 90 жылдығы болғалы жатыр. Сол 90 жылдыққа тиын жинап жатырмыз. Ал осы 90 жылдыққа тиын жинағанша, халықтың мұңмұқтажын елеп-ескеріп, тым болмағанда, жарығы бар үйде отыруға хақымыз бар. ХХІ ғасыр!

Жарықтың жоқтығынан кейбіреуі жаңа баспанасына қоныстана алмай жүр. Себебі, қараңғы үйде балалары сабақ қарай алмайды. Амалы таусылғандары қарағайды бағана ретінде қолданады. Алайда бұл әдіс өте қауіпті. Жел тұрып жаңбыр жауса, тоқ үзіліп жерге құлайды.

Ақжарқын Мамырбаев, Тескенсу ауылының тұрғыны:

- Үйді жақында сатып алып едім. Мен жоқта мына жерде сым үзіліп, үйім өртеніп кете жаздады. Мына жердің бәрі жанып, бүкіл баубақшам өртеніп, міне, бала-шағам жабылып жүріп өртті әрең сөндірді.

Электр бағанасы мен жарық тартуды сұрап талай табалдырық тоздырған жұрт ашулы. Ал ауыл әкімі бағана тартуға үй басына ақша жинауды ұсынған.

Ілияс Нұрақыш, Тескенсу ауылының тұрғыны:

- Әкімнің өзі айтты, мына жерде халық бар, міне: «25 мыңнан ақша жина» деді. Осы аралықта 67 бар. Маған «жина» деді. Мен қайтіп жинаймын?

Бірақ Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Алтай Досымбаев мұндай бұйрық бермегенін айтып, ақталып әлек.

- 25 мың теңге үй басына жинаңдар деп?

- Ондай әңгіме жоқ. Ондай тапсырма жоқ.

Тескенсу ауылындағы бірнеше көшенің жарықсыз отыруына басты себеп – аталған аумақтар елдімекеннің бас жоспарында жоқ. Ауыл құрамына кейіннен қосылған көшелердің әзірге құжаты ғана әзірленуде.

Алтай Досымбаев, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары:

- Жобалық құжаттар дайындалуда. Келесі жылға бюджеттен өтініш беріп жатырмыз. Ол жерде бір көше. Бағана ғана маған ауылдың әкімі келіп кеткен. 12 бағана қою керек екен. Сметаларын қазір дайындап жатырмыз.

Биылға бөлінген қаражат толық игерілген. Сондықтан жарықсыз отырған тұрғындарға күтуден басқа амал жоқ. Қарапайым ағаштан жасалған бағаналар адам өміріне қауіпті. Егер біреу жазатайым тоққа түссе, ешкім жауап бермейді. Электр бағаналарын тартуды бес жылға кешіктірген атқамінерлер ауылдық жерде жол қауіпсіздігіне келгенде алдына жан салар емес. Екі адым аттаған сайын жаяу жүргіншілерге арналған белгілерге тап боласыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.