{metadescription}
Шымкент: Ойнап жүрген бала кіржуғыш машинасына қыстырылып қалды
Шымкент: Ойнап жүрген бала кіржуғыш машинасына қыстырылып қалды

Шымкент: Ойнап жүрген бала кіржуғыш машинасына қыстырылып қалды

Ойыннан от шыға жаздады. Шымкентте аулада ойнап жүрген бала кір жуатын машинаға кіріп қысылып қалды. Шырылдаған баланы машинадан алып шығуға құтқарушылар шақырылды.

Кешқұрым аулада ойнап жүрген үш жасар Нұрпейіс есік алдында тұрған кір жуатын машинаның ішіне аяғын тыққан. Аяғы қысылған оны ата-анасы қанша тырысқанымен алып шыға алмапты. Шұғыл шақыртылған 4 маман темір қайшымен кір жуғышты кескілеп, баланы аман-есен құтқарды. Мұндай жағдайлар көптеп болатынын алға тартқан мамандар ата-аналарға баласына мұқият болуға шақырады.

Зарипа Тұрысбекова, Шымкент қалалық ТЖД ресми өкілі:

- Оқыс оқиға болған жағдайда баламен, әсіресе кішкентай балаларға байланысты міндетті түрде жедел 101 немесе 112 нөміріне хабар беру керек. Олардың атаанасы немесе басқа ересек адам мүмкіндік бар ма, жоқ па, соған қарамастан құтқарушыларды тез арада шақыруы тиіс, уақыт өткізіп алмауы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.