Ғашығын досымен бірге зорлаған Шоқан Әбілқасымов 11 жылға сотталды
Жабыла зорлағаны үшін 11 жыл 3 айға сотталып, бір жарым миллион теңге шығын өтейтін болды. Елордада 28 жастағы қызды досымен бірге зорлаған бұрынғы ғашығы Шоқан Әбілқасымовқа осындай үкім шықты. Ал біріншісі, яғни жігітінің досы былтыр қыста 10 жыл арқалап кеткен болатын.
Автор: Ербол Тұрымбет
17.09.2019
Шоқан Әбілқасымов, сотталушы:
- Мен онымен бірге тұрдым. Осы оқиға боларға дейін де, одан кейін де жыныстық қатынаста болып жүрдік. Осы оқиғадан кейін үйленбекші болып, АХАЖ бөліміне де бардық. Мен оны зорлаған жоқпын. Менен ірі көлемде ақша бопсалады, пәтерімді бопсалады.
Сотқа жапа шеккен қыз «Ұран» патриоттар бірлестігінің қарауылымен келді. Шабуыл жасайды деп қорқыпты. Ал жігітін Қырғызстанда қашып жүрген жерінен өткен наурыз айында ұстаған.
Оқиға 2017 жылдың маусым айында болған. Жапа шегуші Саина Раисова бұрын азаматтық некеде тұрған жігіті Шоқан Әбілқасымовтың жалдамалы пәтеріне барады. Жігіті сәлден соң досын шақырады. Саинаның айтуынша, оған күштеп ішімдік іштірген. Сосын жігіті, артынша жігітінің досы зорлаған. Қыздың айтуынша, олардан қатты қорқып үшінші қабаттан секіріп кетіпті. Содан біраз сүйегі сынып, аяғы қисық қалыптасқан. Төрт рет ота жасалып, құйымшағынан айрылыпты. Дегенмен соттан кейін жігітінің айтқан уәжіне қатысты жауап беруден бас тартты.
- Ол сізбен бірге тұрғанын және сізді емдеуге көмектескенін айтады.
- Біз 8 ай бірге тұрдық.
- Зорлағаннан кейін бе?
- Мен бұл сұраққа жауап бермеймін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!