Атыраудағы зағип жандар наразылыққа шықты
Өз мүлкіміз өзімізге қайтарылсын. Атыраудағы зағип жандар осындай талап қойып наразылыққа шықты. Талас тудырған үш қабатты ғимарат 2010 жылы Атырау зағиптарына арнайы салынған. Бүгінде ғимарат «Қазақ соқырлар қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің иелігіне өтуі бірлестік мүшелерінің наразылығын туғызды.
Автор: Нұрберген Мақым
18.09.2019
Амантай Досаманов, бірінші топтағы мүгедек:
- Соқырлардың өзі емінеркін пайдаланып жүрді. Өнерпаздар өнерін көрсетіп, спортшылар келіп шүйіркелесіп әңгімелесіп жүрді. Қазір енді аналар бәрі құжат алып кетті, бәрін жалдап қойды, ақшаның бәрі айына 1 млн 200 мың теңге осыдан түскен жалға алғаннан, сол НұрСұлтанға тікелей кетіп жатыр.
«Атырау соқырлары қоғамы республикалық бірлестіктің филиалы болғандықтан жағдайдың бұлай болуы – заңды», - дейді филиал төрайымы. Оның үстіне бұл мәселе орталыққа келетін зағип жандарға еш ыңғайсыздық тудырып отырған жоқ. Үйірмелер де, демалыс бөлмелері де бәз-баяғы қалпында, бөлмелерді жалға беруден түскен қаражат та астана асқанымен, бәрібір Атыраудағы орталыққа жұмсалады екен.
Жұпар Сәрсекенова, «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ Атырау филиалының төрайымы:
- Жалға берген. Бірақ та оның ақшасын есепшотпен ЦПға аударады. Бізге ондай қаржы тимейді. Бәрін жоғарыға аударады. Бірақ сол жақтан жылуға, жарыққа, жалақыға аударады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!