{metadescription}
Әлемдік және дәстүрлі дінбасылар отырысында қандай бастама көтерілді?  
Әлемдік және дәстүрлі дінбасылар отырысында қандай бастама көтерілді?  

Әлемдік және дәстүрлі дінбасылар отырысында қандай бастама көтерілді?  

Жауласқан тараптарды махаббат пен өнер арқылы татуластыру қажет. Нұр-Сұлтанда әлемдік және дәстүрлі дінбасылардың отырысында осындай бастама көтерілді. Алқалы жиынды Сенат спикері Дариға Назарбаева ашып берді.

Дариға Назарбаева, Сенат спикері:

- Ірі конфессияаралық ашық диалог өткізу нағыз революциялық бастама болды. Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі жер бетіндегі бітімгершілік процесіне, адамдарды төзімділік пен өзара сыйластық рухында тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосты деп санаймын. Бүгінде аталмыш шара конфессия басшыларының дәстүрлі кездесуіне айналды.

Маңызды жиында негізінен Дін басылардың 6-шы сьездегі уағдаластықтарының орындалуы мен алдағы 7-ші сьезге дайындық мәселесі пысықталды. Ол бір жарым жылдан кейін Нұр-Сұлтанда өтеді.

Дін өкілдерінің бас қосуын Дариға Назарбаева хатшылық төрайымы ретінде алғаш рет өткізіп отыр. Ал түрлі конфессия өкілдері татулыққа, дінаралық түсіністікке шақыратын съездің маңызы зор дейді. Сондықтан әлемде ушыққан геосаяи жағдай мен жік-жікке бөлінген діндерді алдағы уақытта махаббат пен мәдениет арқылы ретке келтіру туралы бастама көтерілді. Әрі террористерге исламның атын жамылуға жол бермеу мәселесі талқыланбақ.

Әбдуләзиз Ахмад, Дүниежүзілік ислам лигасының өкілі:

- Ислам діні саяси қысымдардың құрбаны болмауы тиіс. Бұл – ислам дініне деген қорқыныш қалыптасуына мүмкіндік бермеу. Өйткені бұл ислам дінін бұрмалаушылық болып табылады. Біздің дінімізде зұлымдықпен күрес негіз ретінде танылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде