{metadescription}
Олимпиада жүлдегерлеріне үй беру тәртібі өзгеретін болды
Олимпиада жүлдегерлеріне үй беру тәртібі өзгеретін болды

Олимпиада жүлдегерлеріне үй беру тәртібі өзгеретін болды

Олимпиада жүлдегерлеріне үй берудің тәртібі өзгермек. Мәжілісмендер дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша заң жобасын мақұлдады. Депутаттар допинг дауымен шатылғандарға жазаны күшейтіп, атағынан да айырмақшы.

Бұған дейін олимпиада жеңімпаздарына берілген баспана бірден меншігіне өтетін. Енді түзетулер енгізілген соң, спортшы үйді 10 жылға дейін жалға алады. Осы уақыт ішінде спортшы допинг дауына ілінбесе, жекешенлендіруге құқылы.

Құжатта заңсыздыққа жол берген спортшыларды барлық атағынан айырып, мемлекеттен алған қомақты сыйақысын қайтарту жайы қарастырылған.

Наталья Жумадильдаева, Парламент Мәжілісінің депутаты:

- Заңның бұған дейін үй алған спортшыларға қатысы жоқ. Сондықтан осы өзгерістер енгізілген құжатқа мемлекет басшысы қол қойғаннан соң күшіне енеді. Жеңімпаздарға берілетін үй жергілікті атқарушы органның қазынасынан бөлінеді. Заң жобасында жүлдегерлер қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелері баспананы мұрагерлікке алу жайы қарастырылған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде