«Азбука жилья»: Тайжановтың дүние-мүлкі тәркіленді
«Азбука жилья» компаниялар тобының иесі Ерқанат Тайжановтың мүліктері тәркіленді. Австрияда қашып жүрген бизнесмен әрі экс-депутаттың 5 жер телімі мен «Лексус LX 570» маркалы көлігі бары анықталды.
Автор: Ербол Тұрымбет
18.09.2019
Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасы оған қатысты қозғалған қылмыстық істі зерделей келе, әлгі мүліктерін мемлекет меншігіне тәркілеуге сотқа өтінішхат түсірген. Аудандық сот оны толық қанағаттандырды. Қазір сот актісі заңды күшіне еніп, оны орындау үшін уәкілетті органға жолданған.
Ерқанат Тайжанов елордалық үлескерлердің 40 миллиард теңгесін заңсыз иемденіп алды деп айыпталған.
Наталья Жүнісова, Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының аға көмекшісі:
- Бұл мүліктер Тайжановтың жұбайы мен баласының атына жазылған екен. Ол туралы 2016 жылдан бері білеміз. Бірақ оны тәркілеп алатын заң нормасы 2018 жылы ғана қабылданды. Тек содан кейін ғана тәркілеуге кірістік. Әйелі қылмыс болған уақыттарда жұмыс істемеген, ал баласы кәмелетке толмаған. Яғни олардың мұндай мүлік табатындай мүмкіндігі болған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!