{metadescription}
Балаларды дамыту орталықтарының бірінен ішек инфекциясы шықты
Балаларды дамыту орталықтарының бірінен ішек инфекциясы шықты

Балаларды дамыту орталықтарының бірінен ішек инфекциясы шықты

Нұр-Сұлтанда балаларды дамыту орталықтарының бірінде кішкентай ұл-қыздар астан ұшынды. Ішек инфекциясын жұқтырған сегіз балдырған қазір жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатыр.

Құсып, іші өтіп, ыстығы көтерілген кішкентайлар Елордадағы жекеменшік мектепке дейінгі балаларды дамыту орталығында тәрбиеленген. Ата-аналарының айтуынша, ұл-қыздар осында астан ұшынған болуы мүмкін деп отыр. Өйткені балабақшада тамақ ішкен соң жайсыз сезініпті. Кейін барлығы дереу ауруханаға жеткізілген. Енді СЭС мамандары орталықтың асханасын тексермек. Оның үстіне мекеме рұқсатсыз жұмыс істеген.

Әнуар Жанғозин, Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы:

- Атааналардан шағым түсті. Қазір соның негізінде комиссия құрылып тексеріс басталды. Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті де өз тарапынан тексеріс жүргізіп жатыр. Егер балалардың осы жерден ұшынғаны расталса, тиісті шара қолданамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде