{metadescription}
Қытай түрмесінде отырған қазақ қызы туралы Бас прокуратура мәлімдеме жасады
Қытай түрмесінде отырған қазақ қызы туралы Бас прокуратура мәлімдеме жасады

Қытай түрмесінде отырған қазақ қызы туралы Бас прокуратура мәлімдеме жасады

Ақжарқын Тұрлыбай елге оралуы мүмкін. Қытай түрмесінде жазасын өтеп жатқан қазақ қызын елге қайтару мәселесіне қатысты Бас прокурордың орынбасары мәлімдеме жасады.

 Марат Ахметжанов, Бас прокурордың орынбасары:

- Қазір Ақжарқын сот үкіміне шағым түсірді. Бізде Қытаймен сотталғандарды ұстап беру туралы екі жақты келісім бар. Енді оны ға Қытай сотының ақырғы үкімін күтеміз. Егер отандасымыз ақталып шықса, өте жақсы. Ал сотталатын болса, оның өтініш беруге құқығы бар.

Ақжарқын Тұрлыбай көрші елдің соты нақты шешім шығарғаннан кейін ғана өтініш жаза алады. Соның негізінде Бас прокуратура жазасын өтеу мерзімін Қазақстанда жалғастыру туралы құжат әзірлеуі тиіс.

Отандасымыз 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан төрт жарым келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқынның өзі шетелдік досы алдап кеткенін айтып кінәсін мойындаған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде