{metadescription}
Әбіләзов пен Храпуновтың ісі шетелде қаралуы мүмкін
Әбіләзов пен Храпуновтың ісі шетелде қаралуы мүмкін

Әбіләзов пен Храпуновтың ісі шетелде қаралуы мүмкін

Қашқын құдалар – Мұхтар Әбіләзов пен Виктор Храпуновтың ісі шетелде қаралуы мүмкін. Бас прокуратура мемлекеттің миллиардтарын жымқырып шекара асқан қос алаяқтың ісін халықаралық құқық қорғау органдарына тапсырмақ.

Марат Ахметжанов, Бас прокурордың орынбасары:

- Егер бермесең, өзің жазала деген ұстаным бар. Сондықтан екі отандасымызға қатысты белгілі бір материалдар тиісті органдарға жіберіледі. Себебі, олар ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында миллиардтаған қаржыны жымқырған. Бұл Қазақстан аумағында аса ауыр қылмыс болып саналады.

Қазір қашқын банкир Францияда тұрып жатыр. Өткен жылдың қараша айында Ержан Тәтішевке қастандықты ұйымдастырғаны үшін Мұхтар Әбіләзов өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді. Оған қоса миллиардтап шығын әкелген экономикалық қылмыстары тағы бар. Мемлекетке 250 миллион доллар шығын келтірді деген Виктор Храпунов өткен жылы 17 жылға сырттай сотталған болатын. Алайда Алматының экс-әкімі қазір отбасымен бірге Швейцарияда бейқам күн кешуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде