Пекин-2020: Олимпиаданың белгісі қандай?
Қытайда 2020 жылы өтетін Қысқы олимпиада ойындарының белгілері бекітілді. Оған Панда мен Қытай шамы таңдалып алыныпты.
Автор: Салтанат Шырынхан
18.09.2019
Символдар алты мың ұсыныстың ішінен іріктелген. Байқауға Қытайдан бөлек, шетелдік дизайнерлер де өз жұмыстарын ұсыныпты.
Мұз костюміндегі алтын жүректі панда Бин Двэнь Двэнь деп аталады. Оның есіміндегі бірінші таңба «Мұз», яғни тазалық пен мықтылық мағынасын білдіреді. Сондай-ақ, барлық спорт түріне деген сүйіспеншілікті көрсетеді. Ал Паралимпиаданың белгісі Шуэ Рон Рон атауындағы дәстүрлі қызыл қытай шамы. Оның алғашқы таңбасы «Қар» ұғымын білдіреді.
Қысқы олимпиада ойыны 2020 жылы Пекин қаласында ақпан айының 4-і мен 20-сы аралығында өтпек. Ал Паралимпиада наурыздың 4-і мен 13-і аралығына белгіленіп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!