Семей: Таңғажайып көрмеге коллекция жиюшының сағаттары сыймай қалды
Семейде таңғажайып көрме ұйымдастырылуда. Жұрт назарына 300-ге жуық сағат ұсынылды. Оның ішінде қабырға, қол және қалта сағаттары бар.
Автор: Ұлан Нұрахмет
19.09.2019
Сағаттар жергілікті коллекционерден алынған. Ол бұл заттарды 30 жыл бойы жинапты. Сөреде ғасырлық тарихы бар сағатқа дейін самсап тұр. Ал бұл көне заттар көрмеге келгендердің қызығушылығын тудырды. Бірақ мұражай қызметкерлері колекционердің жинаған сағаттарын түгелдей жұрт назарына ұсына алмағанын алға тартады. Олардың айтуынша, азамат өзінің екі бөлмелі пәтерін түрлі сағатқа толтырып қойған. Сондықтан оның бәрін мұражай залына сыйдыру мүмкін болмапты.
Қайрат Сабырбай, Семей қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры:
- Көпшілікке қызықты боладыау деген бөлігін алдық. Ол кісіде әлі де қызықты сағаттар жеткілікті. Оның бәрін қамту мүмкін емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!