{metadescription}
Ауыл мен қала балабақшасының теңсіздігі қашан жойылады?   
Ауыл мен қала балабақшасының теңсіздігі қашан жойылады?   

Ауыл мен қала балабақшасының теңсіздігі қашан жойылады?   

Балабақша балалар үшін тәрбие алатын орын ғана емес, өз бетінше шешім қабылдауға баулитын, әрі қауіпсіз орта болуы керек. Президент іс басқармасы медициналық орталығына қарасты «Қарлығаш» балабақшасы аталмыш мәселе көтеріп, халықаралық конференция өткізіп жатыр. Жиында өздері жасап шығарған бірыңғай стандарттармен таныстырмақ.

Гүлнар Абдуллина, «Қарлығаш» балабақшасы» РМК педагогтарды оқыту орталығының басшысы:

- Практикада күнделікті жұмыс істеп жатқан тәрбиешілер, ең бірінші, дәрігерлердің ғылыми ойпікірлерін естиді. Cалыстырады деп ойлаймын, практика жүзінде қалай болып жатыр, ғылыми түрде қандай мақсат қойылып жатыр? Соны салыстырып, кейін өз балаcына қойылған талапқа сай жағдай жасайды деп ойлаймын.

«Қарлығаш – 2019» халықаралық конференциясы алғаш рет өтіп отыр. Оған Австралия, Ұлыбритания, Финляндия, Израиль және Ресей сынды алыс-жақын шетелдерден ғалымдар келген. Барлығы 300-ден астам қатысушы кілең инновациялық технологиялар, интерактивті оқыту жүйелері мен мектепке дейінгі білім берудің заманауи әдістерін меңгерген мамандар. Шетелдік қонақтардың айтуынша, елімізде Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары мен ауылдық жерлердегі балабақшалардың айырмашылығы көп – барлығына бірдей жағдай жасалмаған. Жиынға қатысушылар осы теңсіздіктерді жойып, барлық жерде ортақ стандартты бірдей қолдану мүмкіндігін қарастырады.  

Алексей Цой, ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығының басшысы: 

- Конференция сол педагогтар мен дәрігерлердің күшін біріктіруге арналып отыр. Өйткені балалар балабақшада тек тәлім алып қана қоймай, сауықтыру шараларынан өтетіндей болуы керек. Мәдениетті меңгерумен бірге дұрыс тамақтану, жаңа технологияларға бейімді болуға дағдыланатындай болуы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде