Түркістанда лаңкестікке үндеген азамат сотталды
Түркістан облысында лаңкестікке үндеп жүрген азамат сотталды. Кентау қаласының тұрғыны Азамат Аманжоловқа сот 6 жыл 2 ай мерзіміне үкім шығарды.
Автор: Бек Әбиев
19.09.2019
Мамыр айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстаған кентаулықтың елімізде тыйым салынған салафизм ағымын «уатсап» пен «В Контакте» желілері арқылы таратып жүргені белгілі болған. Діндар кейпінде жүрген азамат есірткі құмарлығымен де құқық қорғау органдарына жиі ұсталған екен. Экстремизм мен терроризмге шақырып жүрген Аманжоловтың дүние-мүлкі тәркіленіп, алдағы 6 жылын тәртібі барынша қатаңдатылған колонияда өтейтін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!