{metadescription}
Мемлекет қаржысын талан-таражға салған полковниктің ісі қаралуда
Мемлекет қаржысын талан-таражға салған полковниктің ісі қаралуда

Мемлекет қаржысын талан-таражға салған полковниктің ісі қаралуда

Оралда мемлекет қаржысын талан-таражға салған полковниктің ісін сот қарап жатыр. Басты күдікті - Бекболат Төремұратов. Ол еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бұрынғы бірінші орынбасары. Прокурор 1,5 миллиард теңгені жымқырды деп айыпталған Бекболат Төремұратовты кінәлі деп тауып, амнистиямен бостандыққа жіберуді, ал оның сыбайласы Барабошканы 8 жылға соттауды сұрап отыр.

Әділет полковнигі биыл көктемде тұтқындалған. Оған қызметтік міндетін заңсыз, әрі асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Бекболат Төремұратов Оралдағы тергеу изоляторының құрылысына жауапты мердігер компанияның директоры Сергей Барабошкамен ауыз жаласқан.

Бекболат Төремұратов 2012-2016 жылдары Батыс Қазақстан облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы қызметін атқарған. Оған дейін Оралдағы режимді мекемені басқарған.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, қылмыстық атқару жүйесінің қызметкері тендер барысында «Бура Строй» серіктестігін қолпаштап қолдау білдірген. Осылайша Оралда салынуы тиіс абақтының құрылысына бөлінген 9 жарым млрд теңгенің 1 млрд 500 миллионын жымқырған. Бірнеше томнан тұратын іс бойынша өзге адамдар да тергелуде. Ал, тергеу изоляторының құрылысы сол күйі бітпей тұр. Нысанның қашан пайдалануға берілетіні әзірге белгісіз.

Валентина Искалиева, мемлекеттік айыптаушы:

- Барабошко мемлект ақшасын жымқыру кезінде құрылыста қолданылуы тиіс керамикалық материалдың орнына силикат кірпішті қолданған. Сотта мердігер компанияның директоры Барабошко мен Төремұратов Оралда керамикалық кірпіш дайындайтын зауыттың жоқтығын алға тартты. Олардың сөзінше, жобалаусметалық құжатта транспортқа кететін шығын қарастырылмаған екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде