{metadescription}
Ақтауда жасөспірімдер арасында жапай төбелес болды
Ақтауда жасөспірімдер арасында жапай төбелес болды

Ақтауда жасөспірімдер арасында жапай төбелес болды

Жасөспірімдер арасындағы жанжал. Ақтауда 9 және 10-сынып оқушылары жаппай төбелесті. Футбол алаңында туындаған текетірес тұрғындардың зәре-құтын қашырды. Өйткені екі бірдей білім ошағының  шәкірттері бір-біріне тас, бөтелкелер лақтырған. Тіпті біреуі тапанша ала жүгіріпті. 

Оқушылар арасындағы жанжалды куәгерлердің бірі видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратқан. Сондықтан да топтасып төбелескендер оңай анықталды. Бұзақылық жасаған 26 баланың барлығы кәмелет жасына толмағандар. Футбол алаңында айқасқан олар, алаңнан тыс та жұдырықтасып жұрт көзіне түскен. Тіпті дау арасында тапаншаның да дыбысы естілген. Бірақ тергеу кезінде қару мен оқтардың ойыншық екені анықталды. Зардап шеккендер жоқ. Полиция қылмыстық іс қозғаған жоқ.

Амангелді Қалмұратов, Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары:

- Оқиға болған жерге келген біздің тергеу тобымызбенен пластикалық оқтар, ойыншық тапаншаның оқтары табылды. Біздің ювеналдық полиция, әкімшілік, білім басқармасы білім бөлімі қызметкерлерімен атааналары шақыртылып, тәртіптік профилактикалық әңгіме өткізілді. Балалармен әңгімелесті.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде