{metadescription}
Өскемендіктер қоқыс полигонының өртінен тұншығып, әбден күйісі кеткен 
Өскемендіктер қоқыс полигонының өртінен тұншығып, әбден күйісі кеткен 

Өскемендіктер қоқыс полигонының өртінен тұншығып, әбден күйісі кеткен 

Өскеменде ат шаптырым алқапты алып жатқан қоқыс полигонынан өрт шығып, бүтін бір қала көк түтіннен көрінбей қалды. Ащы иіске тұншыққан жұрт ендігі үйлерін тастап қашуға шақ тұр. Айтуларынша, бұл алғаш рет емес. Өткен айда ғана полигон тұтанып, мыңдаған тұрғын апталап таза ауа таппай қиналыпты.    

Өскемендіктер бүгін тағы да өрт сөндірушілермен бірге оянды. Қаланың дәл іргесіндегі қоқыс полигонынан өрт шығып, жүздеген үй көк түтіннің астында қалды.

Нина Терентьева:

- Түнімен өртеніп жатыр. Әбден түтінге тұншықтық. Тамағымыз қарлығып, әбден әбіржітті. Көрген күніміз құрысын. Сасық иіс үйге сіңіп қалды. Полигонды жапсын деп қанша мәрте шағымдандық. Бірақ, құлақ асар адам жоқ.

Түтінге тұншыққан халық енді үйлерін тастап кетуге қамданып отыр. Айтуларынша, қоқыс полигонынан көрмегені жоқ екен. Ай сайын өрт шығып, тұрғындар таза ауа дегенді ұмытқан. «Сасық иіс киім тұрмақ, көрпе-төсегімізге дейін сіңді», - дейді. Бұл жағдайға экологтар да араласқан.     

Елена Полянцева, ШҚО Экология департаментінің баспасөз хатшысы:

- Қоқыс полигоны өртеніп жатыр дегенді ести сала, мамандарымыз оқиға орнына бірден жетті. Сараптамаға қажетті сынама алды. Ауаға таралған зиянды қалдықтардың мөлшері міндетті түрде тексеріледі. Мөлшерден тыс ласталса, жауапқа тартамыз.

Десе де, 22 гектар жерді алып жатқан қоқыс полигонының қожайынына экологтардың да тісі батпай жатыр. Себебі, өткен айда дәл осындай өрт шығып, бүтін бір қала түтінге тұншыққан. Онда қауіпсіздік сақтамаған полигон иесіне 2 миллион теңге айыппұл салынған. Бірақ, қалталы кәсіпкерге ол сома сабақ болмаған көрінеді. Ал қала әкімі мәселені шешімін таптым деп сендіріп отыр.      

Жақсылық Омар, Өскемен қаласының әкімі:

- Бұл жылдағы мәселе. Бірақ біз болашақта қоқыс полигонын өңдейтін зауыт салуды қолға алып жатырмыз. Қазір еуропалық банкпен жұмыс істеп жатырмыз. Олардың тиісті мамандары келіп, учаскіні таңдады. Болашақта, келесі жылдан бастап зауыттың құрылысы жөнінідегі нақты шараларды қабылдайтын боламыз.

Әкімнің сөзіне сенсек, тұрғындарға тағы бір жыл түтінмен тыныстай тұруға тура келеді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде