{metadescription}
«West house»! Ақтөбеде салымшыларды алдаған келіншек қамаудан сытылып кетті 
«West house»! Ақтөбеде салымшыларды алдаған келіншек қамаудан сытылып кетті 

«West house»! Ақтөбеде салымшыларды алдаған келіншек қамаудан сытылып кетті 

Ақтөбеде облыстық прокуратура ғимараты алдында бір топ салымшы шу шығарды. Олар тұрғын үй кооперативіне баспана алуға ақша салып, кейін құр қол қалған. Алдап кеткен директор келіншектің қаржыны қайтару ойында жоқ. Үстінен іс қозғалғанымен, сот оның жүктіліне байланысты қамауға санкция беруден бас тартыпты. Енді мүлдем «жазасыз кете ме» деп салымшылар қорқып отыр.

Ақ жауын мен ызғырық желге қарамастан облыстық прокуратура алдында 20-ға жуық салымшы жиналды. Алыс ауылда тұратындары ауа райының қолайсыздығынан жете алмай қалды. Барлығы бірер жыл бұрын үйлі боламыз деген үмітпен «West house» тұрғын үй кооперативіне ақша салған. Ондағылар «арзанға пәтер береміз» деп сендірген. Кеңселерінде түрлі ролик көрсетіп, келгендерге пәтер уәде еткен.

Сәлима Епенова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Ойлаған жоқпыз. Үш айда береміз деп теледидар қосып қойған. Үйдің кілтін беріп жатқанын көрсеттті. Барған сайын сондай роликтерді көрсетіп, алдапсулап шығарып салады. Кеңседе отырған балалар да жоқ болып кетті. Қайда кеткенін білмейміз.  

Қазір салымылар баспана алмақ түгілі, ақшасынан айрылып отыр. Жарты жыл бұрын жаппай арызданғаннан да «түк шықпады» деп ашынады. 

Нұрлайым Досмұханбетова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Не үй, не ақша жоқ. Алданған адамдар өте көп. Іс қозғау керек қой. Мен қазан айында бергенде, жыл жарым, екі жыл жүргендер де бар екен. Арыз бергеннің өзіне жарты жыл өтті, түк нәтиже жоқ.

Қақпа алдында жиналған салымшыларды жергілікті прокуратура мен полиция басшылары сабырға шақырды. Олар кооператив басшысы Жадыра Садықоваға қатысты қылмыстық істі әлдеқашан қозғағанын айтады.

Әсет Қалиев, Ақтөбе қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары:

- Оның ұзақ уақыт тергелуі қылмыстық істің аса күрделілігі. Соңғы жәбірленуші 26 тамыз күні келді. Демек, күннен күнге жәбірленушілер саны көбейіп бара жатыр. Сол себепті тергеу созылып жатыр.

Қазір 70-тен аса салымшы ақшасынан айрылған. Тек Ақтөбе тұрғындары емес, арасында көршілес Атыраудың тұрғындары бар. Ал кооператив директоры Жадыра Садықованы іс қозғалғанда тәртіп сақшылары қамауға алма болыпты. Бірақ сот оның жүктілігіне байланысты санкция бермей қойған. Енді оған қатысты тергеу келесі айдың ортасында толық аяқталады деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.