{metadescription}
Мазут пен көмір тапшы! Жылу маусымына әлі дайын емес
Мазут пен көмір тапшы! Жылу маусымына әлі дайын емес

Мазут пен көмір тапшы! Жылу маусымына әлі дайын емес

Бірқатар өңірлер жылу маусымына әлі дайын емес. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, елімізде мазут пен көмір тапшы. Ал республикалық маңызы бар ірі қалаларда жұрттың коммуналдық қызметке берешегі артып кеткен.

Алдағы жылу маусымына дайындық кезеңінде бірқатар өңірлерде мазут дайын емес. Мысалы, Ақтөбе облысында небәрі 16 жарым пайызға ғана дайын. Елордада 24, Алматыда 34 пайызды құрайды.

Еліміздің бірқатар аймақтарында көмір де тапшы. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге 10 миллион тоннадан астам көмір керек. Қыркүйектің соңына тақаса да, қазір соның тек 6 миллион тоннасы дайын. Яғни, 60 пайызға да жетпейді. Ал ірі қалалар мен кей өңірлердің коммуналдық қызметтерге миллиардтаған берешегі сол күйі өндірілмеген.  

Бейбіт Атамқұлов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Коммуналдық қызметті тұтынушылар берешегі 11,4 миллиард теңгені құрайды. Ең көп дебюторлық берешек Алматы қаласында – 2,6 миллиард, Нұр-Сұлтанда – 1,7 миллиард, Маңғыстауда – 1,5 миллиард, Шымкент қаласында – 1,3 миллиард, 2018 жылмен салыстырғанда Алматы қаласында 533 миллион теңге берешек өскен.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде