{metadescription}
АҚШ-тан репортаж! Тоқаев алпауыт корпорациялардың басшыларымен кездесіп, елге инвестиция тартуға кірісіп кетті
АҚШ-тан репортаж! Тоқаев алпауыт корпорациялардың басшыларымен кездесіп, елге инвестиция тартуға кірісіп кетті

АҚШ-тан репортаж! Тоқаев алпауыт корпорациялардың басшыларымен кездесіп, елге инвестиция тартуға кірісіп кетті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа іссапары басталды. Президент ұшағы Нью-Йоркке Нұр-Сұлтан уақытымен түнде қонды.

10 сағаттық уақыт айырмашылығына қарамастан, мемлекет басшысы алпауыт компания басшыларымен кездесіп, елге инвестиция тартуға кірісіп кетті. АҚШ-қа президент ретінде алғаш рет барған Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясына қатыспақ.

Президент ретінде алғаш барғанымен, бұл халықаралық ұйымның бас штабы Тоқаевқа таңсық емес. Мемлекет басшысы кезінде екі жылдай БҰҰ бас хатшысының орынбасары қызметін атқарған. Күллі дүниенің назары ауып отырған соңғы әзірлік жайында Нью-Йорктен КТК тілшісі хабар таратады.  

Біріккен ұлттар ұйымының Нью-Йорктегі штаб пәтері. Осында өтіп жатқан Бас ассамблеяның 74-ші сессиясына қатысуға АҚШ-қа ұйымға мүше 196 мемлекеттен делегация яғни, 100-ге жуық мемлекет басшысы, 80-нен астам Үкімет және сыртқы саясат ведомстволарының жетекшілері келген. Сондықтан қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілген.

Маңызды шара өтетін ғимараттың алды ғана емес, қаланың қай көшесін қарасаң қаптаған полицей. Қару асынып қайыққа мінген тәртіп сақшылары өзенді де қырағы бақылап жүр.

Қауіпсіздіктің артатын жөні бар. Өйткені Нью-Йоркте түрлі наразылық шаралары да көбейген. Мәселен, АҚШ-та жүрген ирандықтар президенттері Хасан Руханидің отставкаға кетуін талап етіп шулап жүрсе, корейліктер керісінше, қаланы басына көтеріп Бас ассамблеяға келген Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Инді ерекше қошеметпен қарсы алды.

Ал Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа түнде ұшып келді. Он сағаттық уақыт айырмашылығына қарамастан, президенттің жұмыс кестесі өте тығыз. Осы сағаттарда Тоқаев алпауыт корпорациялардың басшыларымен жолығып, елге инвестиция тартуға кірісіп кетті. АҚШ-қа президент ретінде алғаш рет келген ол дүниежүзілік қаржы нарығының алпауыты «Блумберг» ақпараттық агенттігінің қожайыны, 51 миллиард  долларымен Форбс тізімінде 11-ші орында тұрған әйгілі Майкл Блумбергпен де жолықпақ.

Ертең БҰҰ-ның сессиясында саяси пікірталасқа қатысып, кедейлікті жоюға, білім беруді арттырып, климатты сақтауға қатысты өз ойын ортаға салады. Өйткені Бас ассамблея тақырыбы аталмыш мәселелерге арналған. Жалпы, БҰҰ Тоқаев үшін таңсық емес. Президент мұнда 2011-2013 жылдары бас хатшының орынбасары қызметін атқарған.

Ал негізгі шаралар ертең өтуі тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның биік мінберінен сөз сөйлеп қана қоймай, бас хатшы Антониу Гутерришпен және Швейцария, Болгария, Польша мен Финляндия елдерінің президенттерімен кездеседі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде