{metadescription}
Баянауыл ұлттық паркінде екі күннен бері өртпен арпалысуда
Баянауыл ұлттық паркінде екі күннен бері өртпен арпалысуда

Баянауыл ұлттық паркінде екі күннен бері өртпен арпалысуда

Павлодар облысында алапат өрттің ең жоғарғы деңгейі белгіленді. Төтеншеліктер Баянауыл ұлттық паркіндегі адам аяғы аттап басуы қиын таулы аймақта екі күннен бері тілсіз жаумен алысып жатыр. Жолындағысын жайпаған қызыл жалынның қатты болғаны соншалық, көмекке көктен су себетін тікұшақ шақыртылған.

Өрт сөндірушілердің мәліметінше, от кеше тұтанған. Жылдамдығы секундына 24 метрге жететін қатты желдің кесірінен тілсіз жау тез таралып, бес бірдей ауылдық округты шарпыған. Оның үстіне қураған шөп пен қаңқасы кепкен ағаш одан сайын лапылдап, жалынды өшіруге ырық бермеген. Өртті ауыздықтауға құтқарушылардан басқа жергілікті орманшылар мен еріктерлерді қосқанда ұзын-саны 500 адам келген. Тіпті Өскеменнен арнайы тікұшақ жетіпті. Алайда желмен жарысқан жалын Ұлттық паркке қарасты 100 гектарға жуық жерді күлге айналдырып үлгерді. Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ. Қазір мамандар табиғат апатының себебін анықтауға кірісті.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ ТЖК төрағасы:

- Бізде ең жоғарғы өрт деңгейі Павлодар облысында тіркелді. Қауіпті өрттің бес деңгейі бар. Бұл әзірге осы облыста сақталып тұр. Баянауыл ауданында түнімен жаңбыр жауып өтіп, жағдай біршама тұрақталды. Қазір өрттің таралу қаупі жоқ. Өрт сөндірушілердің бір бөлігін кері қайтардық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде