Ішкі істер министрі сенбіде өткен наразылық шаралары туралы не дейді?
Жүз шақты адам ұсталып, 9-ы әкімшілік қамауға алынған. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев өткен сенбі күні ел аумағында өткен наразылық шараларының қорытындысын баяндап берді. «Митингілерге рұқсат жоқтығы алдын ала ескертілген», - дейді министр.
Автор: Ербол Тұрымбет
23.09.2019
Әкімшілік қамауға алынған 9 адамнан бөлек, тағы 6-уы әкімшілік айыппұл арқалаған. Қалғандарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліпті.
Өткен бейсенбі яғни қыркүйектің 19-ы күні Бас прокуратура ұйымдастырылып жатқан наразылық шараларының заңсыз екенін айтып, жұртты оған қатыспауға шақырған болатын.
Наразылық кезінде Нұр-Сұлтан қаласында кәмелетке толмаған қыз баланы да ұстап әкетті деген желіде тараған ақпаратқа қатысты да министр түсініктеме берді.
Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:
- Ол қыз 19 жаста. Полиция қызметкерлері жұмыс істеген жерде сол қыз бағынбай, біздің полиция қызметкерлеріне күш салған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!