{metadescription}
Арыс: Жарылғыш зат жоятын жердегі тұрғындар дүмпулерден әбден зәрезап болған
Арыс: Жарылғыш зат жоятын жердегі тұрғындар дүмпулерден әбден зәрезап болған

Арыс: Жарылғыш зат жоятын жердегі тұрғындар дүмпулерден әбден зәрезап болған

Жарылғыш заттарды жоятын орын маңындағы тұрғындар дүмпулерден әбден зәрезап болғанын айтады. Әскерилер Арыстан 60 шақырым жердегі арнайы полигондағы жарылыс ешкімге зардабы жоқ десе де, даладағы малшылар мен дәмханаларға сызат түсіп, ғимараттар бұзылуға айналыпты. Бұрыннан жүргізіліп келген жою жұмыстары Арыстағы оқиғадан кейін тіпті күшейген. Тек кеше 10 сапер жараланған соң ғана саябырсыпты. Бүкіл Арыстағы жарылғыш заттарды жойып жатқан полигонға КТК түсірілім тобы да аттанды.

Арыс қаласынан 50 шақырым жер. 10-15 шақырым жерде снарядтар мен жарылғыштарды жоятын орын бар. Бірақ ол жерге жету мүмкін емес. Себебі, мидай даланың әр жерінде орналасқан әскерилер аттап бастырмайды.

Түсіру тобын көрген сарбаздар тайлы-тұяғы қалмай жетіп келді. Камерадан қашқақтағанымен, әңгіме арасында кешелі бері жарылыс жүріп жатқан жоқ дейді. Сонда да мал мал жайып жүріп, болмаса, қызық көргісі келген бәзбіреулер полигонға жақындап кетпеуін қадағалап күзетеді екен.

- Утилизация осында болды. Бірақ қауіпті аймақ. Сіздерді өткізбейміз. Рұқсатсыз сіздерді кіргізе алмаймыз. Басшылықпен келісу керек. Арыс қаласына барып, басшылықтан рұқсат алып келесіздер.

Бізді қарсы алған бекет маңында қойылған қаз-қатар дзоттарда әскерилер жарылғыштарды жою кезінде тығылады екен. Олардың айтуынша, бұл ең қауіпсіз тұс. Дегенмен, бұл жердің өзінде жан-жақта снарядтардың жарықшақтары шашылып жатыр. Жарылыстардан әсіресе тұрғындар зәрезап болуда.

- Жарықтар жарылыстан болып жатыр. Күнделікті алып, снарядтарды екі мезгіл жарады. Содан жарылып сызат беруде. Төбе жабыстырылғандардың бәрі көтеріліп ажырап жатыр.

Арыс-Шардара арасындағы жол бойында дәмханасы бар Жұмаш Бекқұлов үш жылдан бері жарылысты күнде көретінін айтады. Алғашқыда күніне екі реттен дүмпу болса, кейін жиілей түсіпті.

Жұмаш Бекқұлова, Арыс тұрғыны:

- Жақын жердегі ауылдарда естіп отыр. Жиделі жаққа да әсер етеді екен. Үйлер жарылып жатыр дейді. Жарылыс әсерінен. Кәдімгідей қара түтін боп, үлкен боп көрінеді. Сол жарылған кезде дауысы да естіледі. Және де есіктерезелер сықырлап ашылып кетеді.

Бұл жарылыстардан саперлар да жиі жарақат алады. Соңғы апат 21-ші қыркүйек күні болды. Снарядтарды жою жұмыстары кезінде жарылыс болып, 10 маман жараланған еді. Ал одан 8 күн бұрын да 4 әскери жараланған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.