{metadescription}
Ғазизхан Шекербеков: Керемет кеш болады деп уәде беремін, өйткені көп дайындалдым
Ғазизхан Шекербеков: Керемет кеш болады деп уәде беремін, өйткені көп дайындалдым

Ғазизхан Шекербеков: Керемет кеш болады деп уәде беремін, өйткені көп дайындалдым

Еркекпін мен! 25-ші қыркүйекте Алматыда әнші-сазгер Ғазизхан Шекербектің шығармашылық кеші өтеді. Қазақ эстрадасында ерекше ырғағымен талай тыңдарманның жүрегін жаулаған әншінің концертіне көптеген өнер жұлдыздары қатысады. Ал, концерттің басты ерекшелігі – кеш барысында барлық ән жанды дауыспен шырқалады. 

Төрт жыл бұрын сазгер ретінде шығармашылық кешін өткізген Ғазизхан Шекербеков дәстүр мен замануи бағытты шебер ұштастырған өнер иесі. Жүрегін жарып шыққан әр туындысы тыңдарманын елең еткізетін ол, осы жолы киелі сахнада бастан-аяқ әуелете ән шырқайды. 

Ғазизхан Шекербеков, әнші:

- Біраз ән жазып, жаңа тақырыпта ертең халыққа ұсынайын деп тұрмыз. Басқа да стильді қолданып көруге тырысып жатырмын. Өйткені қазақ эстрадасында 34 жанр бар, айналып келе беретін. Сол сәл қиындау.

Әншінің айтуынша, кеште барлық ән жанды дауыста орындалады. Ән сүйер қауымның құлақ құрышын қандырып, ерекше күйге бөлейтін концертке Мақпал Жүнісова, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Нұржан Керменбаев, Нұрболат Абдуллин және өзге де өнер жұлдыздары қатысады.

Бота Әлімхан, әнші:

- Ол жерде Ғазизханның әндерін өнер жұлдыздары дуэтте айтып шығады. Ол жерде ашылмаған сыр көп. Сондықтан оны көрермендер өзі келіп тамашалау керек.

Ғазизхан Шекербеков, әнші:

- Өте әдемі кеш болатынына уәде беремін. Өйткені көп дайындалдым. Бір сәт әдемі тынығып, ән тыңдап, демалып қайтыңыздар.

Ғазизханның жеке шығармашылық концерті ертең Алматы қаласындағы Республика сарайында кешкі 19:00-де басталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.