Түркістан облысы: Монша, сауна, қонақ үйлер жезөкшелер ордасына айналған
Түркістан облысының полицейлері 6 бірдей жезөкшелер ордасын жойды. Монша, сауна мен қонақ үйлерді тінтіген тәртіп сақшылары олардың өзге мақсатта жұмыс істеп жатқанын анықтады.
Автор: Бек Әбиев
24.09.2019
Кейбірі арам тірліктерін ғаламторға жарнама ретінде шығарып та қойған. Мәселен, интернет сайтқа жеңіл жүрісті қыздардың қызметін ұсынатыны туралы хабарламасын ілген сарыағаштық әйел ұсталды. Жергілікті қонақ үйде әкімші ретінде жұмыс істейтін ол, «жеңгетайлықты» қоса атқарады екен. Келген мейманға қосымша қызмет ұсыну арқылы қомақты ақша тауып жүрген әйелден бұлтартпас дәлел анықталып отыр.
Салтанат Қаракөзова, Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Аталмыш жәйттерге байланысты ҚР ҚКнің 309 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бес «жеңгетай» мен 12 жеңіл жүрісті қыздар есепке алынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!