Ақтөбеде әкім ауысса, қаладағы аялдама да ауыстырылады
Ақтөбеде әкімі ауысқан сайын қаладағы аялдама да қоса өзгеретін үрдіс пайда болды. Қазір шаһардағы барлық аялдаманы жаппай ауыстырып жатыр. Тұрғындар енді басшы өзгерген жағдайда да ұзаққа шыдайтын тұрақ болса деп тілейді.
Автор: Жаңалық Ахаш
24.09.2019
- Әкім ауысса, аялдама ауыса бере ме? Дұрыс емес қой! Қараңыз, түсіріңіз. Былтыр Сапарбаевтың уақытындажасаған. Ақыры істен шықты.
Ақтөбенің бұрынғы басшысы Ілияс Испанов келген бойда қалаға заманауи аялдамалар орнатамын деп білек сыбана кіріскен. Автобус күткендерге телефон қуаттайтын қондырғы орнатып, әйнек бекет жасаған. Бірақ ол жарты жылға жетпей жарамсыз болып қалды. Себебі, әйнек бастырма жазда көлеңке, қыста ықтасын болып жарытпады. Енді шаһардың жаңа әкімі оны түгелдей өзгертуге тапсырма берген. Шенеуніктердің сөзінше, жаңа аялдамада жайланып демалуға болатын көрінеді. Ол үшін қазынадан «бір тиын да кетпейді» деп отыр. Себебі, аялдамаларды кәсіпкерлерге жалға беріп, сол жерден сауда орнын ашуға рұқсат берген.
Ислам Ізбасқанов, Ақтөбе қалалық жер қатнастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары:
- Жылы аялдама. Қыста жылы болады. Жаз уақытында кондиционер, су – бәрі тұрады. Осындай жабық павильон. Теледидар да бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!