{metadescription}
Кішкентай қызды зорлап өлтірген қаскөйдің тағы бір іске қатысы бары анықталды
Кішкентай қызды зорлап өлтірген қаскөйдің тағы бір іске қатысы бары анықталды

Кішкентай қызды зорлап өлтірген қаскөйдің тағы бір іске қатысы бары анықталды

Жамбыл облысында 8 жастағы қызды зорлап өлтіріп, артынан мәйітін өртеп жіберген қаскөй Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша жауапқа тартылатын болды. Таразда атышулы іске қатысты сот алды тыңдалым өтті.

Істің жабық жағдайда қаралуына байланысты залға тілшілер кіргізілмеді. 37 жастағы сотталушыға адам өлтіру, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау бабы бойынша айыптар тағылды.

Айыпталушының тағы бір іске қатысы бары анықталды. Ол алты жыл бұрын 12 жастағы қызға азғындық әрекет жасай жаздапты. Әзірге жәбірленуші жайында мәлімет жоқ. Белгілісі – сол дерекке қатысты «зорлауға оқталу» бабы бойынша іс қаралуда.

Қаратау қаласының тұрғыны Аруай Беріктің баллонға салып өртелген мәйіті жоғалғаннан бір күннен соң қала шетінен табылған болатын. Үш тәуліктен кейін күдікті ретінде 37 жастағы жергілікті тұрғын қамауға алынған. Оның қапқа салынған өлі денені велосипедпен әкетіп бара жатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалып, қылмысы әшкерленген еді. Ал резонанс тудырған істің алғашқы сот отырысы 3-ші қазанға белігіленді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде