{metadescription}
Қазақ-өзбек шекарасындағы тәулік бойы кептеліс неден туды?
Қазақ-өзбек шекарасындағы тәулік бойы кептеліс неден туды?

Қазақ-өзбек шекарасындағы тәулік бойы кептеліс неден туды?

Қазақ-өзбек шекарасында тағы да кептеліс. Жібек жолы шекара бекетіне келген көліктер тәулікке жақын тұралап қалып жатыр. Бұл туралы жүргізушілер видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеуде.

Жүргізушілердің мәлімдеуінше, шекарада кептеліс 2-3 күннен бері болып жатыр. Шыдамы таусылған олар мәселеге Кеден комитеті аралассын деп байбалам салуда. Ал, кеденшілер отандық шекара шебіндегі кей бекеттерде кептелістің бар екенін жасырмайды. Бұған өзбек шекарашылары себепкер деп отыр. Яғни, төрт күн бұрын «Жібек жолы» бекетінде Тәжікістаннан Ресейге көлігімен есірткі апара жатқан тәжік азаматы ұсталған. Оны аңдамай қалған өзбек шекарашылары енді әр көлікті сағаттап тексеріп, соның салдарынан кептеліс болып жатыр дейді.

Баян Тұлғабаева, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз хатшысы:

- Осыған байланысты Өзбекстан Республикасына кіру кезінде көлік құралдарының шоғырлануы орын алуда. Ол өз кезегінде ҚР аумағына да әсерін тигізіп отыр. Ал жүргізушілер өз тарапынан Жібек жолы кеден бекетіне келіп тірелмей, Қапланбек және Қазығұрт кеден бекеттері арқылы өтіп жатқаны мәлім. Қазір Түркістан облысы бойынша Кіріс департаментінің кеден бекеттерінің өткізу пунктері штаттық кестеге сай жұмыс істеуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.