{metadescription}
Ақмола: Дүлей жел электр сымдарын үзіп, мектептерді шатырсыз қалдырды
Ақмола: Дүлей жел электр сымдарын үзіп, мектептерді шатырсыз қалдырды

Ақмола: Дүлей жел электр сымдарын үзіп, мектептерді шатырсыз қалдырды

Ақмола облысында дүлей дауыл жүріп, жан жағын жайпап өтті. Түнімен екпіндеп соққан қатты жел бірнеше әлеуметтік нысанды шатырсыз қалдырды. Табиғаттың тосын мінезінен адам шығыны болған жоқ.

Екпіндеп соққан желдің күштілігі Көкшетауда электр бағанының сымдарын үзіп, құлатып түсірген. Атбасар мен Зерендідегі екі орта мектептің шатыры ұшып кетті. Шатырсыз қалғандардың қатарында студенттер жатақханасы да бар. Төрт қабатты ғимарат шатырының 200 текше метрін қайта жөндеуге тура келеді. Коммуналдық қызмет Көкшетау көшелерін сынған, шашылған ағаш бұтақтарынан тазартып үлгере алмай жатыр.

Жанат Ғабдуллин, Ақмола облыстық ТЖД бөлім басшысының міндетін атқарушы:  

- Қатты  жел  түнге  қарай күшейген. Секундына 28 метр жылдамдықпен соққан желге бірнеше ғимараттың шатыры шыдамады. Айнала астаңкестең болған кезде көшеде адамдар болмаған. Абырой болғанда бәрі аман-есен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.