{metadescription}
АҚШ-тан репортаж! Тоқаев ауыл шаруашылығы мен энергетика саласында ауқымды жобаларды іске асырады
АҚШ-тан репортаж! Тоқаев ауыл шаруашылығы мен энергетика саласында ауқымды жобаларды іске асырады

АҚШ-тан репортаж! Тоқаев ауыл шаруашылығы мен энергетика саласында ауқымды жобаларды іске асырады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алпауыт корпорациялардың басшыларымен жолығып, ауыл шаруашылығы мен энергетика саласында ауқымды жобаларды бірігіп іске асыруға келісті. Президент елге инвестиция тартып қана қоймай, БҰҰ Бас ассамблеясының 74-ші сессиясында баяндама жасауы тиіс.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Америкадағы екінші жұмыс күні басталды. Атқарылатын шаруа көп. Мемлекет басшысы елге инвестиция тартуға ерекше құлшынып отыр. Сондықтан есімдері Форбс журналынан түспейтін бизнес алпауыттарының кезекті тобымен жолығып, Қазақстан экономикасына қаржы құюға шақырды. Әсіресе инновация, ғылым мен туризм саласын дамытуға ерекше ден қойылғанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:

- Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамытуға ниет білдіргеніңіз үшін алғысым шексіз. Елімізде жобаны іске асыру бойынша ұсыныс, талаптарыңыз болса, тыңдауға дайынбыз. Біздің тарапымыздан барлық көмек көрсетіледі.

Негізі АҚШ еліміздің ірі инвесторы ретінде былтырдың өзінде экономикамызға 6 миллиард долларға жуық қаржы құйған. Енді оның көлемі әлдеқайда артуы тиіс. Ауыл шаруашылығы, энергетика саласында бірігіп атқаратын жобалар қолға алынбақ.

Тимур Сүлейменов, ҚР Президентінің көмекшісі:

- Президент негізінен Қазақстан нарығынан бейхабар жаңа инвесторлармен кездесті. Олардың тарапынан қызығушылық бар. Әсіресе қазақ жерінде ірі қара етін өңдейтін зауыт салуды жоспарлап отыр. IT саласын дамыту бойынша жобалар бар.

Президент кездесулер өткізіп жатқанда, БҰҰ-ның штаб пәтерінде қызу саяси дебат жүріп жатты. Талқыланып жатқан мәселе көп. Аймақтық қақтығыстардан бастап, геосаяси мәселелер мен әлемдік дағдарыс жан-жақты сөз болып жатыр. Тараптар әсіресе жиілеген табиғи апаттар мен жаһандық жылудан төнген қауіпке ерекше назар аударып отыр.

Бір қызығы, жиында АҚШ пен Иран арасының ушығуы да сөз болады делінгенімен, бұл тақырыпта әзірге ешкім жақ ашқан жоқ.

Бас ассамблеяның биік мінберінен бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та сөз сөйлейді. Оған дейін мемлекет басшысы тағы бірнеше екі жақты кездесулер өткізбек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде