{metadescription}
Азия біріншілігінде спортшыларымыз үзілген Әнұранды хормен шырқады
Азия біріншілігінде спортшыларымыз үзілген Әнұранды хормен шырқады

Азия біріншілігінде спортшыларымыз үзілген Әнұранды хормен шырқады

Жанкүйерлерді сүйсіндірген жағдай! Үндістанда өтіп жатқан Азия біріншілігінде спортшыларымыз үнтаспада үзіліп қалған еліміздің әнұранын өздері шырқап айтты.

Кеше Үндістанның Бенгалуру қаласында су спорты түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталған. Онда біздің қыздарға бірінші Қытай командасы қарсылас болды. Соның алдындағы Әнұран орындалуы барысында техникалық ақау болып, Қазақстанның әнұраны 8 секундтан соң үзілді. Бірақ су добынан сайысқа қатысатын жасөспірімдер еш сасқан жоқ. Олар үзілген әнді соңына дейін хормен шырқап шықты. Одан кейін Қытайдың қыздар құрамасын 10 да 9 есебімен жеңіп алғашқы ұпайды иеленді. Жарыс 3-ші қазанда аяқталады.

Біздің Әнұранға қатысты келеңсіз жағдай алғаш рет қайталанып тұрған жоқ. Сонда да бұдан ешкім сабақ алар емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде