{metadescription}
Табиғи энергия өндіру көлемін үш пайызға жеткіземіз
Табиғи энергия өндіру көлемін үш пайызға жеткіземіз

Табиғи энергия өндіру көлемін үш пайызға жеткіземіз

Елордада «жасыл» экономиканың ғаламдық тренді талқыланды. Тұңғыш президент қоры ұйымдастырған жаңартылатын энергия көздеріне арналған саммитте дәл осы мәселе күн тәртібіне қойылды. Қазақстан жыл соңына дейін табиғи энергия өндіру көлемін үш пайызға жеткізуді көздеп отыр. Бір қарағанада, бұл болмашы көрсеткіш сияқты көрінеді. Алайда мамандар ол біздің ел үшін үлкен жетістік деп отыр.

Әсет Исекешев, Тұңғыш президент қорының атқарушы директоры:

- Қазақстанда жалпы қуаты 900 мегаваттық жаңартылатын энергетикамен жұмыс істейтін 81 нысан бар. Әзірге бұл – аз көрсеткіш. Бірақ қазір көптеген жоба бойынша министрлік жұмыс істеп жатыр. Сондықтан нәтижесін әлі көре жатармыз. Десе де, арзан баламалы энергия көзі біздің өнімнің бәсекелестігін арттырады.

Елімізде ең көп баламалы энергия көзі шағын су электр стансаларынан алынады екен. Одан кейінгі орында күн мен жел стансалары. Мәселен қазір Алматы және Қарағанды өңірінде күн көзінен энергия алу жолға қойылса, арқаның азынаған даласына жел стансалары орнатылған. Бұдан бөлек, жас өнертапқыштардың 20-ға жуық тың жобасы дайын тұр. Оларды жүзеге асыру үшін қыруар қаржы керек. Сондықтан бүгінгі саммитте дәл осы жаңа жобаларға қаржы тарту мәселесі қозғалды.

Оралбек Ботбай, SOURCE ENERGY компаниясы бақылау кеңесінің төрағасы:

-  Мұнай мен газға тәуелді заманда олар біткен кезде жаңартылған энергия нарыққа енеді. Бұл нарыққа біз дайын болуымыз керек. Бұл біздің денсаулық кепіліміз. Қоршаған ортаны қорғау – бәріміздің міндетіміз. Сондықтан ел болып табиғатты тазартып, еліміздің өсіп-өнуіне көмектесуіміз керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде