{metadescription}
Sсat! Ақтөбе-Ақтау жолаушылары жолда қалды
Sсat! Ақтөбе-Ақтау жолаушылары жолда қалды

Sсat! Ақтөбе-Ақтау жолаушылары жолда қалды

Ақтөбеден Ақтауға бармақ болғандар жолда қалды. Кешелі бері Sсat-тың ұшағы бұзылып, жолаушылар әуежайды күзетумен жүр. Бірақ оларға жағдай жасап түсіндіріп жүрген ешкім жоқ дейді жолаушылар.

Гүлнар Ізбасарова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Жаңбыр жоқ, қар жоқ. Күн жылы, жер қарада мына тұрған бір сағат жиырма минуттық жерге жете алмай отырмыз кешелі бері. Билет алып қойдық. Не тапсырарымызды, не тапсырмасымызды білмейміз.

Ақтауға жете алмай қалған жолаушылардың жалпы саны 70-тен асады. Мұнайлы өлке арқылы Бакуға бағыт алған бірер адамды ғана транзиттік ұшақпен жөнелтіпті. Ал қалғандары әуежайда сарыла күтіп отыр. Әуе компаниясына жолаушылардың өкпесі қара қазандай. Себебі, жолдан қалғандарды тамақпен, жатар орынмен қамту – міндеті. Бірақ Sсat өкілдері түнеп шығуға қонақ үй орнына жатақханаға апарды деп ашынады. Әуе компаниясы ұшақтарының Ақтөбеде бұзылып тұрғанын айтады. Түннен қалдырмай Ақтауға жеткізуге уәде етіп отыр.

Артур Имансур, «Scat» компаниясының өкілі:

- Техникалық ақауға байланысты рейс тоқтап тұр. Мәнжайын анықтап жатырмыз. Жолаушыларға тамағы мен жатар орнын қонақ үйден ұсындық. Енді қонақ үйге көңілдері толмаса, қайтеміз?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде