Наразылық! Ақтау түрмесінде үш адам аузын сыммен тігіп тастады
Ақтаудағы ГМ 172-2 түрмесінде үш жазасын өтеуші аузын сыммен тігіп тастаған. Олар прокурормен кездестіруді талап етіп наразылық білдірді.
26.09.2019
Ернін сыммен тескілегендерге сол бойда Маңғыстау облыстық прокуратурасынан өкілдер жетті. Олар тексеру жүргізіп, сот-медициналық сараптама тағайындапты. Кездесу кезінде олар түрмеде қысым көргенін айтқан. Ал колония басшылығы мұны мойындамай отыр. Керісінше, сотталғандарды айыптап, олардың тәртіпке бағынбағанын айтады. Қазір жазасын өтеуші үш адам еріндеріне тігілген сымды шешті.
Жасталап Басаров, Маңғыстау облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы:
- Мінезі өте нашар. Қазір қатаң жағдайда ұстауда отыр. Тәртіпті өрескел бұзушылар. Қаскөйлікпен бұзушылар. Мекеме аумағын тазартудан кесте бойынша бас тартқан. Жұмысты жасамаймыз деп талап қойған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!