{metadescription}
АҚШ-тан репортаж! Тоқаев бай мен кедей арасындағы алшақтықты жоюға шақырды
АҚШ-тан репортаж! Тоқаев бай мен кедей арасындағы алшақтықты жоюға шақырды

АҚШ-тан репортаж! Тоқаев бай мен кедей арасындағы алшақтықты жоюға шақырды

Әлемдегі әлеуметтік теңсіздікті жою керек! Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас ассамблеясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жер жаһанға төнген қауіпті бірлесе шешіп, бай мен кедей арасындағы алшақтықты жоюға шақырды. Мемлекет басшысы ол үшін елімізде Біріккен ұлттар ұйымының тұрақты даму жөніндегі орталығын ашуды ұсынып отыр. Президенттің АҚШ-қа жасалған сапарының соңғы күні қалай өтті? Қандай келісімдер бар?

Әлем бойынша бір миллардтан астам адам кедей болса, соның 800 миллионы ішерге ас су таппай отыр. Бүгін БҰҰ-ның қабырғасында осы ашқұрсақ жүргендердің мәселесі жан-жақты талқыланды. Ұйымның тұрақты дамуға арналған форумын Қазақстан президенті ашып беріп, кедейлікті жоюға қатысты мәлімдеме жасады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бұл ретте халықаралық және өңірлік әріптестіктің маңызы ерекше. Яғни, одақтас немесе серіктес мемлекеттер кедейліктен бастап, медициналық қызметтің тапшылығы, адам құқықтарының бұзылуы секілді өзекті мәселелерді жұмыла шешуі керек. Әрі мемлекеттік бағдарламалар осы тұрақты даму мақсаттарымен үйлесімді жүзеге асырылуы тиіс.

Президенттің айтуынша, санкциялар соғысы, ірі державалар арасындағы сенімсіздік, геосаяси үстемдікке таласу, әлемдік экономикаға үлкен қауіп төндіріп тұр. Бұл жаһандық дағдарысты одан сайын ушықтырып жатыр. Сол үшін де бай мен кедей арасында алшақтық пайда болып, әлеуметтік теңсіздік туған. Мәселені шешу үшін мемлекет басшысы Қазақстанда халықаралық тұрақты даму орталығын ашуды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- БҰҰ ның Тұрақты даму жөніндегі аймақаралық орталығы қазақ жерінде құрылуы тиіс. Қазір біздің өңір сауда экономикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне аяқ басты. Біздің тағдырымыз ортақ. Сондықтан ортақ мәселелерді бірлесе шешіп, қауіп қатерден сақтануымыз керек. Сөйтіп, Қазақстанда ғана емес, Орталық Азия мен Ауғанстан секілді елдерде тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді жеделдете аламыз.

Форумнан кейін президент әріптестерімен кезекті екі жақты кездесулер өткізіп, елдер арасындағы байланысты арттырып жатыр. Мәселен, Финляндия президенті Саули Ниинистемен көлік логистика саласын жандандыру жайын талқылады. Ал Люксембург премьер-министрі Ксавье Беттельмен ғарыш өнеркәсібі саласында бірлесе жұмыс істеуге келіссе, Молдова басшысы Тоқаевты қонаққа шақырды.

Игорь Додон, Молдова Президенті:

- Екі жақты қарым қатынасымыз жақсы дамып келеді. 30-дан астам келісімге қол қойылған. Барлық бағыт бойынша жұмыс жүріп жатыр. Әріптестікті одан сайын дамыту үшін Сізді Молдоваға ресми сапармен келуге шақырамын.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Екі елдің бір-бірімен серіктестік орнатуы - Қазақстан мен Молдова арасын жақындата түсетіні анық. Бізді осы уақытқа дейін қолдап келесіздер. Осыған ризашылығымды білдіремін.

Тоқаев Америка президенті Дональд Трамппен де кездесті. Алғашқыда бұл жоспарланбағанымен, АҚШ басшысы кездесуге уақыт тауып, жұбайын ертіп Тоқаевпен естелік суретке түсті.

Осылайша мемлекет басшысының АҚШ- қа жасаған үш күндік сапары тәмәм. Президент бұл күндері БҰҰ-ның мінберінен әлемге үндеу жариялап қана қоймай, әріптестерімен келісімге келіп, Американың миллиардарлерін Қазақстанға инвестиция құюға шақырды. Қысқасы, табысты келісімдер мен уағдаластықтар аз емес. Ендігі маңызды міндет – соны іске асыру.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде