{metadescription}
Алматылық бай-бағландардың берешегі күн сайын артып барады
Алматылық бай-бағландардың берешегі күн сайын артып барады

Алматылық бай-бағландардың берешегі күн сайын артып барады

Алматылықтардың ыстық және суық суға қарызы 1 млрд 750 млн теңгеге жеткен. Қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының мәліметінше, берешектің басым бөлігі Медеу мен Бостандық аудандағы тұрғындарға тиесілі. Арасында зәулім үйде тұратын байлар да көп.

Қарыз көлемі ұлғайғаны соншалық, коммуналдық мекеме өкілдері әр үйдегі құбырды жеке-жеке өшіре алмайды. Тұтынушылармен амалсыз айлап соттасуға мәжбүр. Қазір сот орындаушылары 4800 адамға қатысты істі сотқа жолдап, 137 миллион теңгені өндірген. Қалалық басқарма мамандарының сөзінше, алматылықтардың коммуналдық кәсіпорындарға жалпы қарызы 2,6 млрд теңгені құрайды. Соның ішінде электр қуатына 446 млн теңге, газға 170 млн теңге төлеуі тиіс.

Әсет Масабаев, Алматы қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы:

- Жалпы қарыз көлемі 2 млрд десек, соның тең жартысы элиталық ауданда тұратын байбағландарға тиесілі. Қалталы азаматтардың кейбірі коммуналдық төлемді уақтылы төлемейді. Өкінішке қарай, олардың аты-жөнін жалпақ жұртқа жариялай алмаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.