Алматы облысы: Той үстіндегі төбелес пышақтасумен аяқталды
Алматы облысында үйлену тойы пышақтасумен аяқталды. Қонақтар арасында қып-қызыл төбелестен 3 адам ауыр жараланған. Оларға пышақ ала жүгірген күдіктіні тәртіп сақшылары көп ұзамай қолға түсірді.
27.09.2019
- Пышақты қайдан алдыңыз?
- Дос балам қолында ұстап жүрген, сол ойнап жүріп, қалтамда кетіп қалған ғой.
Тойдағы төбелес таспаға түсіп қалған. Өзара ерегіскен қонақтар сыртқа шығып тынышталғандай болады. Алайда жанжалдасып қалған топ тарамапты. Қып-қызыл төбелес мейрамхананың көлік тұрағында жалғасқан. Ақыры пышақ ала шыққан қонақтың бірі ерегісіп тұрған топқа қарай тап береді. Соның салдарынан 3 адам ауыр жарақаттанған. «Біреуінің халі нашар», - дейді дәрігерлер. Пышақ оның өкпесіне тиген екен.
Ернар Сайділдин, Алматы облыстық ПД ресми өкілі:
- Күдіктіге қатысты ҚР ҚКнің 106 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Аталған күдікті кәмелеттік жасқа толмаған кезінде де осы тәріздес қылмыспен құқық қорғау органдарының көзіне түсіп сотты болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!