{metadescription}
Қателік жасаған дәрігер тек әкімшілік жауапкершілікке тартылсын
Қателік жасаған дәрігер тек әкімшілік жауапкершілікке тартылсын

Қателік жасаған дәрігер тек әкімшілік жауапкершілікке тартылсын

Қателік жасаған дәрігерді түрмеге тоғытқан жөн емес. Алматыда бас қосқан медицина қызметкерлері өз әріптестерінің тағдырына араша түсті.

Жиналғандар шалыс басқан әр дәрігерді қылмыстық жауапкершілікке тартып түрмеге отырғызуға қарсымыз дейді. Өйткені басы ауырып, балтыры сыздаған науқастың барлығы бірдей ауруханадан құлан-таза айығып шығуы екіталай. Арасында ауыр отаны көтере алмай өліп кететіндері де болады. «Осындайда бар кінәні дәрігерге арта салуға болмайды», - дейді жиналғандар.

Мәселен, елімізде жылына 800-ге тарта медицина қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалады екен. «Бұлай жалғаса берсе, адам жанының арашасы болған білікті дәрігер қалмайды», - деп отыр мамандар. Сондықтан олар қателік жасаған дәрігерді қылмыстық емес, әкімшілік жауапкершілікке тартуды ұсынып отыр.

Вячеслав Локшин, Қазақстандағы репродуктивті медицина қауымдастығының президенті:

- Пара алған немесе адам өміріне әдейі зиян келтірген дәрігерді қылмыстық жауапкершілікке тартсын. Ал аурухана төсегінде көз жұмған науқас үшін қамау дұрыс емес. Мұны әкімшілік жазамен алмастыру керек. Мәселен, кейбір елдерде дәрігерлердің қызметі сақтандырылған. Егер науқас қабылдаған емдомына көңілі толмаса, сотқа жүгініп, дәрігерді сақтандырған компаниядан өтемақы өндіріп алады. Бізге де осы жүйені енгізетін уақыт жетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде