Альфа Кар! Шетелге жолдама алған туристер тағы алданды
Алматыда туристер тағы да тентіреп қалды. Алыс шетелдердегі ең таңдаулы қонақ үйлерге жолдама сатып алған азаматтар ешқайда ұша алмайтынын әуежайға келгенде бір-ақ білген.
27.09.2019
Ал туристерді алдап соққан – «Альфа Кар» туристік компаниясының басшысы болып шықты. Ол бұған дейін де істі болған екен. Бұрынғы әдетіне басқан келіншек Испания мен Түркияның таңдаулы қонақ үйлеріне жолдама сатқан. Әрқайсысының құны, кем дегенде, бір жарым миллион теңге. Оңбай алданғандарын азаматтар әуежайға келгенде бір-ақ білген. Алаяқты қолға түсірген тәртіп сақшылары әзірге он адам ғана сан соғып қалды деп отыр. Дегенмен зардап шеккендер бұдан да көп болуы мүмкін.
Туристерге жалған жолдама сатқан әйел қазір қамауда. Кінәсін толық мойындады. Бірақ бұл алданған туристердің ақшасын қайтарады деген сөз емес. Себебі, алаяқ бұған дейін сан соқтырған клиенттеріне көк тиын да төлемеген көрінеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!