{metadescription}
Қарызға батқан онкологиялық орталық науқастарды емсіз қалдырды
Қарызға батқан онкологиялық орталық науқастарды емсіз қалдырды

Қарызға батқан онкологиялық орталық науқастарды емсіз қалдырды

Елордада онкологиялық дертке шалдыққан науқастар қажетті дәрі-дәрмексіз қалды. Себебі, Онкологиялық орталық өнімді жеткізуші «СК-Фармацияға» миллиардтап қарыз екен. Ал бірыңғай дистрибьютер компания әкімдік қарызды өтеу туралы кепілдік құжат бермейінше, дәріні жеткізбейміз деп отыр. Межелі уақытта химиялық терапия алуы тиіс науқастар дертіміз асқынып кете ме деп алаңдап отыр. Кім кінәлі?

Гүлия Жанғаринаға тамызда ішек обыры деген диагноз қойылып ота жасалады. Содан бері жегені желім, ішкені ірің. Қыркүйектің 9-да алғаш рет химия терапия қабылдайды. Екінші рет 30-шы қыркүйекте алуы тиіс. Осыдан үш күн бұрын анализдерді тапсыруға барғанда дәрігерлер қажетті препараттың жоқтығын айтқан. Тіпті «өз ақшаңызға сатып алыңыз» деп шығарып салған.

Гүлия Жанғарина, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Мен қажетті препаратты Алматыдан таптым. Маған 200 миллиграмм дозасы керек. Ал онда тек 100і қалыпты. Тіпті ақшама сатып ала алмай отырмын. Ұйықтайтын уақытта Құдайдан дәрінің берілуін тілеп жатамын. Мен өмір сүргім келеді. Неге науқастарды ойламайды?

Науқастарға қажетті өмірлік маңызы бар препараттар «СҚ Фармацияның» қоймасында буылып дайын тұр. Бірақ басқарма төрағасы жылдар бойы дәріні тегін беріп шаршаған сыңайлы. «Құрғақ уәдеге тойдық» деген атқамінер әкімдік қарызды өтеу туралы кепілдік қағазды бермейінше, қимылдамайтынын айтты.

Берік Шәріп, «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы:

- Біз әкімшіліктен кепіл сұрадық. Қазір кепілдік хатты сұрап отырмыз. Кепілдік болған жағдайда дәрідәрмекті толығымен жеткіземіз. Қазір біздің қоймаларда жылдың соңына дейін 150 млн теңгеге дәрі-дәрмекті әр ай үшін дайындап қойдық, ол бар.

Дәріден қағылып емі үзілген науқастардың саны 100-ге жуық. Онкологиялық орталықтың басшысының мәліметінше, «СҚ Фармация» қыркүйектің 10-нан бері дәрі бермей қойған. Себебі, медициналық мекеменің 2 миллиард теңгеге жуық қарызы бар.

Мұхтар Төлеутаев, Нұр-Сұлтан қалалық онкодиспансердің бас дәрігері:

- Аталмыш мәселемен министрлікке шықтық. Министрлік республикалық бюджеттің қарастырылуы жылдың аяғына дейін жаңа қарастыруға ұсынып, Қаржы министрлігінен қолдау бар. Менің ойымша, жыл соңына дейін мәселе шешілуі тиіс.  

Бұл дау Денсаулық министріне де жетті. Біртанов мәселенің бәрі онкодиспансердің бас дәрігерінде деп отыр. 

Елжан Біртанов, Денсаулық сақтау министрі:

- Бас дәрігердің сөзін айтып жатырсыздар ма? Мен, өкінішке қарай, бұл сөздерді естіген жоқпын. Елімізде басқа да орталықтар бар ғой, неге олар да қарыз болмайды? Біздің ойымша, бұл тікелей осы мемлекеттік кәсіпорынның нашар менеджментіне байланысты. Себебі, бұл мәселені о бастан бастап шешу қажет болған.

Министр қарызды Елорда әкімдігінің қазынасынан қаржы бөліп өтемесе, «менен көмек жоқ» деп кесіп айтты. Себебі, министрлік жылда онкологиялық науқасқа шалдыққандардың ем-домына «жеткілікті қаржы бөліп отырмыз» дейді.

Биыл бұл сома 10 пайызға артығымен бөлінген. Дегенмен бар қаржыны дұрыс игере алмаған дәрігерлердің салақтығынан «шықпа жаным, шықпа» деп әрең отырған науқастардың зардап шекпеуі керектігін айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде