{metadescription}
Блогер! Полицейлердің «зәрі» – Жанпейісов қамауға алынды
Блогер! Полицейлердің «зәрі» – Жанпейісов қамауға алынды

Блогер! Полицейлердің «зәрі» – Жанпейісов қамауға алынды

Белгілі видеоблогер Руслан Жанпейісовтің қамауға алынғаны автобелсенділердің ашуын тудырып жатыр. Полицейлер үшін «әзірейілдей» болған блогер үш баппен қамауға алынған. Жанпейісовке қолдау білдіруге полиция мекемесінің алдына қоғам белсенділері мен байкерлер жиналса, одан жәбір көрдік дегендер блогерді нағыз бұзақы санайды. Қос тараптың пікірін КТК тілшісі тыңдап қайтты.

Руслан Жанпейісовтің қолына кісен салынып, қарауылдардың жетегінде кетіп бара жатқан видео қазнетте шу тудыруда. Полиция бөліміне кірген ол кеше қамауға алынды. Содан бері оны қолдағандар әлеуметтік желілерде талқыға салып, Русланды босатсын деп дүрлігуде. Қамалғанын ести сала байкерлер түнделетіп полиция бөлімінің алдына жиналған.

Әділ Нұрғалиев, Шымкент авто-мото федерациясының өкілі:

- Біз досымыз Русланды қолдауға келдік. Не үшін қамалып отыр? Қандай жағдай екенін ешкім айтпайды. Бүкіл туысқандары, достары уайымдап жүр. Таяуда ғана босанған келіншегі де жаны жай таппай жүр.

Шын есімі Бейбарыс Райымбеков, бірақ көпшілікке Руслан Жанпейісов деген лақап атымен танылған блогер біраз жылдан бері полицейлердің нағыз үрейіне айналған еді. Үш жыл бұрын полицейден ақша бопсалады деп айыпталды. Алайда сотта жеңіп шыққан блогер, арызданған полиция сержанты Қуандықовты көрінген жерде мазақ етіп келген-ді.

Полициядан бөлек, маусым айының 10-ы күні қымбат көліктегі азаматпен ерегесіп қалып, машинасынан ағаш шоқпармен шыққан жігітті Жанпейісов газды тапаншамен атып салған. Ютуб желлісіндегі бұл видео тіпті хит болды.

Аталмыш видеоның кейіпкері қымбат көліктегі Пірім Мұсаев Руслан Жанпейісовтің «құрбанымын» деп отыр. «Өз жолыммен кетіп бара жатқан адамға дөрекі сөздермен тиісіп, артымнан қалмай қойды», - дейді. Шоқпарды тек қорғану мақсатында алып шыққаныммен, ұру ойымда да болған жоқ деп отыр бетін көрсетпеуді сұраған Мұсаев.

Пирим Мұсаев, жәбірленуші:

- Ол жариялаған видеода мені бір жексұрын сияқты ғып көрсетіп қойған. Ал өзінің дөрекі сөйлеп, мені балағаттаған жерінің бәрін қиып алып тастаған. Егер қиылмаған тұтас видеоны жарияласа, жұрт көрер еді кімніңкім екенін. Ол мені атып салғанымен қоймай, бірінші болып маған қарсы арыз жазды.

Мұсаев жарақат алғаны сараптамамен дәлелденсе де, Руслан Жанпейісовтің тек үш айдан соң ғана қамалғанына наразы. Оның пікірінше, блогерге прокуратура дем беріп отыр. Қалай болғанда да қазір белгілі видеоблогерге қатысты үш баппен қылмыстық іс қозғалды.

Әсел Сәденова, Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы:

- Бұзақылық, және 107 бабының бірінші бөлігі – денсаулыққа қасақана, ауырлығы орташа зиян келтіру бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелген. Полиция қызметкерін міндетін атқару кезінде қорлау фактісі бойынша да ҚР ҚКнің 378 бабының 2-ші бөлігі, яғни «билік өкілін қорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Руслан Жанпейісов бұған дейін де үш мәрте жауапқа тартылған. Қамауға алынған сәтте шартты түрде жазасын өтеп жүргенін ескерсек, видеоблогердің жағдайы қиын сияқты. Алайда әлеуметтік желіде оны нағыз батыр санайтын қолдаушылары белсендінің дереу бостандыққа шығуын талап етпек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде