{metadescription}
Қазақстанда электрондық темекінің тағдыры қалай болмақ 
Қазақстанда электрондық темекінің тағдыры қалай болмақ 

Қазақстанда электрондық темекінің тағдыры қалай болмақ 

Дамыған елдер электрондық темекіден бас тартып жатса, Денсаулық сақтау министрлігі оны кәдімгі темекілердің қатарына қосып жатыр! АҚШ-та адам өліміне соқтырған түтікшелер біздің елде бұдан былай қарапайым шылым боп саналады. Ол туралы заң жобасы да әзірленіп қойды. Сонымен қатар, кәдімгі темекілер секілді оларға да акциз салынады.

Бірақ одан қорқып отырған сатушылар жоқ. Керісінше, электрондық темекі еленген сайын, қолданушылары да көбейеді деген сеніммен отыр.    

Адам өлімі жиілей берген соң, АҚШ-тың Нью-Йорк, Сан-Франциско, Мичиган штаттары электрондық темекіге мүлдем тыйым салып тастады. Артынша, Үндістан да түтікшеден тарайтын түтінді азаматтарының денсаулығына аса қауіпті деп санап, оны сатпақ түгілі, өндірудің өзін қылмысқа жатқызды. Ал біздің елде керісінше, қуат көзіне қосылатын темекілер кәдімгі шылымның қатарына қосылып жатыр.        

Жанар Төлебаева, ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының департамент директоры:

- Денсаулық туралы жаңа Заң жобасына құрамында никотин заты бар электрондық темекілер кәдімгі темекі өнімдерімен теңестірілетін болады. Жақын күндері заң жобасы Үкіметке жолданады. Осы арқылы біз электрондық темекінің таралуын реттейтін боламыз.

Денсаулық сақтау министрлігі қаупі әлі соңына дейін зерттелмеген қоспаны кәдімгі темекілер қатарына жатқызатын заң жобасын әне-міне Мәжіліске жолдағалы жатыр. Заң қабылданған жағдайда, бұған дейін емін-еркін сатылымда жүрген қош иісті темекілерге акциз енгізіледі. Яғни вейптарды саудалаушылар да қазынаға салық төлейтін болады. Сәйкесінше, бағасы да өседі. Бірақ электрондық темекі қымбаттап, саудамыз тоқтап қалады деп қорыққан сатушылар жоқ. Керісінше, қалтамыз қампаяды деп алақанын ысқылап отыр. 

Шәміл Тұрдыбеков, сатушы:

- Баға қымбаттаса, электрондық темекіні шегетіндер азаяды деп ойламаймын. Кәдімгі темекінінің бағасын өсіргенде де, оны қойып кеткен жоқ. Тіпті, қорапшасына құбыжық суреттер де салды. Бірақ бас тартқандар болмады.

Сатушылардың сенімді сөйлеуіне негіз бар. Өйткені құрылғымен қыздырылатын темекіні шегетіндер көбейген. Солардың бірі – Виталий Несіпбаев. Қарағандылық жігіт электрондық темекіні әуестікпен бастаған. Қазір бір күн тартпаса, тұра алмайды.    

Виталий Несіпбаев:

- Әрине, бағасы өсетін болса, өкінішті. Себебі, кәдімгі темекіден де қымбат тұрады. Бірақ, амал қанша. Бәрібір сатып алуға тура келеді. Себебі, қатты әуестеніпе алдым. Күніне жарты қорабын шекпесем, көңілім көншімейді.

Құрамында глицерин мен никотин бар электрондық темекілер бастапқыда темекіні тастағысы келетіндерге ермек ретінде жарнамаланған. Алайда қазір кәдімгі шылымды жолда қалдырып, жастардың нағыз құмар көзіне айналды. Осыдан-ақ, оның тәуелді ететін әсері темекіден кем емес екенін байқауға болады. Қазірдің өзінде одан 30 мемлекет бас тартқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде