Енді ешбір орган мекен-жай анықтамасын сұраттырмайды
Мекен-жай анықтамасы енді электрондық үлгіде жүреді. Анықтаманы алуға ешкім уақыт жоғалтып халыққа қызмет көрсету орталығына сабылып жүрмейді. Сұратқан орын оны электрондық базадан тауып алады.
Автор: Ербол Тұрымбет
30.09.2019
Жыл сайын елімізде 10 миллионнан астам осындай анықтама сұралады екен. Ішкі істер министрлігі мәліметтер базасын өзге де мемлекеттік органдармен біріктіріп, соның арқасында осындай нәтижеге қол жеткізіліп отыр. Енді оны ешқандай орган сұраттырмайды. Ал азаматтар Электрондық үкімет порталына кіріп, өзінің тіркелген мекенжайын біле алады.
Сондай-ақ, өз мекен-жайында тағы кімдердің тіркелгенін де білуге болады. Жыл соңына дейін министрлік тағы 8 мемлекеттік қызметті электрондық нұсқаға ауыстырмақшы. Осылайша бұл саланың 90 пайызы автоматтандырылмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!