Сот: Ұрланған перделердің құнын кім төлейді?!
Алматыда базар күзетшілері мен сатушыларына қатысты сот отырысы жалғасуда. Қымбат тауарларынан айрылып сан соғып қалған кәсіпкерлер күдіктілерді кешіруге дайын екенін жеткізді. Тек олар қолымен істегенді мойнымен көтеріп, ұрланған перделердің құнын төлесін дейді.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
30.09.2019
Бекболат Жексейітов, адвокат:
- Іс бойынша барлық дәлелдәйектер бар. Олар сот барысында талқыланды. Сот оған әділ бағасын береді деп ойлаймын. Олар қылмыстың, залалдың орнын толтырамыз деген ниеттері болса, онда жәбірленуші кешірім беремін дейді. Ол енді жеңіл жаза алуға ықпалын тигізеді. Айыптау актісі бойынша келтірілген залал 15 миллиондай.
Сондай-ақ, жәбірленуші тарап қылмысқа қатысы бар тағы екі адамның сот алдында жауап бермегеніне наразы. Олардың айтуынша, тергеу жұмыстарының түсініксіз тұстары өте көп.
Айта кетейік, бас-аяғы жеті адамға алдын ала сөз байласып 50 миллион теңгеге жуық тауарды ұрлады деген айып тағылған. Олар үш қойма ішіндегі қымбат перделерді үптеп кеткен. Қылмысты алдын ала жоспарлаған айыпталушылар өздері күзеткен қойма ішіндегі тауарларды бірнеше ай бойы ұрлап келіпті-міс. Ал Гүлбар Қызырханның қымбат перделерін ұрылар бір түнде сыпырып кеткен. Шаш етектен шығынға баттым деген кәсіпкер соттың әділ өтуінен үмітті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!