{metadescription}
Energyprom: Қазақстанда азық-түлік бағасы көтерілді
Energyprom: Қазақстанда азық-түлік бағасы көтерілді

Energyprom: Қазақстанда азық-түлік бағасы көтерілді

Елімізде көкөніс, ет, жұмыртқа және басқа да бірқатар азық-түліктің бағасы көтерілді. Energyprom порталының соңғы мәліметтері осыны көрсетіп отыр.

Сарапшылардың айтуынша, жаңа піскен көкөністердің арзандайтын мерзімі биыл бұрынғыдан ертерек бітіп жатыр. Әсіресе қырыққабат пен қиярдың бағасы тамыз айымен салыстырғанда, 15 пайызға өскен. Аздау мөлшерде болғанымен, сарымсақ та біраз қымбаттапты. Бұл жағдайға күннің күрт сууы себеп дейді мамандар. Яғни жаңа піскен көкөністер азая бастаған. Ал бұлардың маусымдық емес түрлері – пияз, сәбіз, картоп шамалы арзандады. Көкөніспен қатар, сиыр және жылқы етінің, жұмыртқа мен балықтың да бағасы көтеріліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде