Нан қымбаттауы мүмкін
Нан бағасы қымбаттауы мүмкін. Себебі, биыл елімізде астық былтырға қарағанда, 3 тонна аз жиналады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, астықтың аз түсіміне аптап ыстық әсер еткен.
Автор: Әсел Тұмашқызы
30.09.2019
Айдарбек Сапаров, Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:
- Былтыр астықтың жалпы өнімі 20,3 млн. тонна болса, биыл 17 млн. тонна. 1ші шілдеден бастап аптап ыстық болды. Соның салдарынан мол астық беретін Қостанай өңіріндегі 8 ауданда егін күйіп кетті. Ол жерде қазір гектарына 3,4 центнер астық жиналып жатыр.
Сапаров биыл егіннің бітік шықпауы нан бағасының қымбаттауына әсер етуі мүмкін дейді. Бірақ халық ең көп тұтынатын өнімнің құны айтарлықтай өзгермейтінін жеткізді. Ал қымбатшылық болған жағдайда әкімдіктердің тұрақтандыру қорлары мен «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» арқылы мәселені шешпек. Қалай дегенмен де, министрлік ішкі сұранысты қанағаттандырып болған соң, экспортқа ден қойғалы отыр. Шамамен биыл 6,7 тонна астық шетел асады деген жоспар бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!