{metadescription}
Жол апаты! Екеуі де көліктің ішінде жанып кетті
Жол апаты! Екеуі де көліктің ішінде жанып кетті

Жол апаты! Екеуі де көліктің ішінде жанып кетті

Ақмола облысының Щучье қаласында жантүршігерлік жол апаты болды. Жүргізуші мен жолаушы көлік ішінде тірідей жанып кеткен. Тағы екі адам аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр.

Түн ортасында лапылдап жанып жатқан ВМW көлігіне бірінші болып келіп жеткен патрульдік полиция мен екі тұрғын отқа оранған көліктегі адамдарды алып шығуға ұмтылған. Көліктің артқы есігін әрең сындырып, шалажансар екі жігітті алып шығыпты. Рульде отырған 24 жастағы көлік иесі мен алдыңғы орындықтағы жолаушы өртеніп кеткен. Оқиға куәгерінің айтуынша, көлік қатты жылдамдықпен келіп жылу құбырына, одан соң бос тұрған ғимаратқа соғылған. Құтқарылған 26-27 жастағы екі жігіттің жағдайы ауыр.

Гүлнәрі Пинчук, Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Патрульде жүрген екі полицей өз бетінше құтқару әрекетіне көшкен. Лапылдап жарған көліктен олардың киіміне де от тиген. Соған қарамастан екі жолаушы құтқарылды. Қазір жол көлік оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде