ШҚО: Жұртты тайраңдаған аюлар қызықтырды
Кадрда – аюлар. Шығыс Қазақстан облысында қоңыр аюлар жасырын камераға түсіп қалған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
01.10.2019
Түз тағыларының таулы алқаптағы тайраңдаған жүрісі жұртты сүйсіндірді. Маң-маң басқан жануардың бірі ағашқа жотасын қасынады. Көп ұзамай екінішісі де дәл сол әрекетті қайталайды. Ғалымдардың мәліметінше, аюлар таңдалған тек бір талға ғана қасынып, соған айналып соғуды дағдыланған. Осылайша аталықтары бұл аумақта кімнің қожайын екенін білдіреді деседі.
Айта кетейік, қоңыр аюлар «Батыс – Алтай мемлекеттік табиғи қорығында» анықталды. Ал қызықты көріністі ең алғаш ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі жеке парақшасында жариялады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!